Жаңалықтар

Халықты алдарқататын ертегі, қиял-ғажайып айтуды доғарыңдар. Депутат Үкіметке ескерту жасады

Халықты алдарқататын ертегі, қиял-ғажайып айтуды доғарыңдар. Депутат Үкіметке ескерту жасады
Фото: parlam.kz 07.06.2023 13:12 1218

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи бүгін жалпы отырыста үкімет мүшелеріне ертегі айтуды қоя керектігін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутат әріптестерімнен «Мына жерде үкімет басшысы неге жоқ?» деп сұрадым. Регламент бойынша болмайды екен. Ол Парламент палаталарының бірлескен отырысына ғана шақырылатын көрінеді. Ал қазіргі экономиканың жағдайында премьер-министр өзінің кабинетін бықпыр тиегендей осы Парламентке айдап әкеліп, кризистік жағдайда бағдарламасын істеп, депутаттардан карт бланш сұрайтындай жағдай деп ойлаймын, - деді Ермұрат Бапи.

Ол вице-премьер Ерұлан Жамаубаев елдегі жұмыссыздық 4,9 пайыз дегенін, бірақ бұған сенбейтінін жеткізді.

Бұл соңғы 10 шақты жылдың көлеміндегі көрсеткіш.  Ол қайдан ойлап табылған, қандай өнермен жасалып жатқан арифметикалық есеп екенін мен білмеймін. Елдегі халықтың 45 пайызы ауылда тұрады, ауылда тек мұғалімдерден басқа адамдарда жұмыс жоқ. Ашылып жатқан өндіріс орыны жоқ. Ал жыл сайын еңбек нарығына кемінде 200 мың адам келіп қосылады. Сонда бұл 4,5-5 пайыз арасындағы жұмыссыздық қалай өзгермейді? Қандай бір құдыреттің есебінен бұлар осы цифрдың суретін салады? Осыған таңданысым бар, - деді мәжілісмен.

Ол  жылына 3 миллион дөңгелек экспортқа шығатыны айтылғанын, бірақ оны кім алатына таңданысын жасырмады.

Біріншіден, Қытай дөңгелегі Қазақстанда толып жатыр. Екіншіден, ол дөңгелекті бізден, тіпті, моңғолдар сатып алмайды.  Сондықтан ондай ертегіні қою керек, - деді депутат

Мәжілісмен халықты алдарқатуды қою керегін айтты. Сондай-ақ нақты санын, мүмкіндікті айтып, Халықты сендіре біліп, шынайы жағдайды айту керек екенін түсіндірді.

«Осылай қиын болып тұр, осындай жағдайға тап болдық, шыдаңыздар, осыны жүзеге асыруға тырысамыз» десеңіздер, халық сіздерге сенеді. Мынандай ертегі, қиял-ғажайып дүниеге емес. Содан кейін сыртқы қарыз ішкі жалпы өнімнің 25 пайызынан аспайды деп арқаны кеңге салушылық бар. Мемлекеттік сектордағы жалпы сыртқы қарызымыз 100 миллиард долларға жетті. Ал екінші деңгейлі банктердің біз білмейтін қарызын есептесек, ол қайда кетті?Бұл біздің 4 жылғы мемлекеттік ьюджетіміз. Осындай жағдайда арқаны кеңге салып отыруға бола ма? Ел экономикасының қатерлі шекке жеткенін жайбарақат тыңдап отыра алмаймыз, сондықтан, мен дауыс бергенде Үкіметтің бюджетті орындау есебіне қарсы дауыс беретінімді мәлімдеймін, - деді Ермұрат Бапи.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға