Видеодан кадр

Халықаралық цирк фестивалінде 16 елдің артистері өнер көрсетеді

19.07.2025 07:36

23-27 шілде аралығында аты аңызға айналған Қазақ мемлекеттік циркінде III Халықаралық Almaty Circus Festival өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Фестивальде Қазақстан, Франция, Германия, Қытай, Вьетнам, Аргентина, Эфиопия, Бельгия, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Украина және басқа да 16 елден келген өнерпаздар өнерін ортаға салады. Күн сайын сағат 18:00-де көрермендерді акробаттар, гимнасттар, жонглерлер, сайқымазақтар мен эквилибристер өнер көрсетіп, көрермендерге жарқын шоу мен ұмытылмас сәттер сыйлайды.

Фестиваль Қазақ мемлекеттік циркінің 55 жылдығына орай ұйымдастырылып, Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен өтеді. Циркте бұрын еш жерде көрсетілмеген эксклюзивті және тарихи нөмірлер ұсынылады.

Қала әкімдігі қазылар алқасын Қазақ мемлекеттік циркінің ардагерлері мен цирк өнерінің еңбек сіңірген артистері басқаратынын атап өтті.  

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ALMATY ÁKIMDIGI (@akimat_almaty)