Жаңалықтар

Халықаралық сарапшылар волонтер болудың маңызына тоқталды

Халықаралық сарапшылар волонтер болудың маңызына тоқталды
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 20.06.2023 11:20 1107

Астанада халықаралық форумының «Халықаралық волонтерлік бастамалар: тәсілдер мен тәжірибелер» атты алғашқы сессиясы өтуде, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев форум шетелдіктермен бірге волонтерлік қызметке қатысты өзара тәжірибені бөлісуге мүмкіндік беретінін айтты.

Халықаралық сарапшылар волонтер болудың маңызына тоқталды
©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Адамдар бүгінде әлеуметтік проблемаларды шешуге, көмекке зәру адамдарға жәрдемдесуге бейімделген. Әсіресе пандемия өршіп тұрған кезде волонтерлермен осындай қиын кезеңге төтеп бере білдік. Ол – бізде жанашыр жандардың көп екендігінің көрсеткіші. Бұл кездесу жаңа жобалар мен идеялардың бастамасы болатынына сенімдімін. Біздің әлі бір-бірімізден үйренеріміз көп, - деді ол.

Ал БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори волонтерлік қызметтің маңыздылығына тоқталды.

Халықаралық сарапшылар волонтер болудың маңызына тоқталды
©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ

Сіз қай жерде волонтер болып қызмет етіп, кімге жәрдем берсеңіз де – оның маңызы зор. Себебі сіз волонтер болу арқылы қоғамға қандай да бір үлес қосасыз. Ерікті болу сізге не береді десек, ол адамға қуаныш сыйлап, мансабыңызда жетістікке жетуіңізге септігін тигізеді, - деді үйлестіруші.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға