Жаңалықтар

Халықаралық олимпиада күні: Астанада жүзуден турнир өтті

Халықаралық олимпиада күні: Астанада жүзуден турнир өтті
Фото: Астана қалалық әкімдігі 24.06.2024 10:07 284

23 маусым күні бүкіл әлем Халықаралық Олимпиада күнін тойлайды. Мереке қарсаңында елордадағы орталық саябақта ашық бассейн жүзуден Iswim турнирі өтті. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Іс-шараның ашылу салтанатына Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Исламбек Байманов қатысып, жас атлеттерге жеңіс тіледі.

Айтулы доданы тамашалай отырып, біз жас жеткіншектердің ынта-ниеті мен қажыр-қайратына, өжеттігі мен табандылығына және жеңіске деген жігеріне сүйсіндік. Еліміздің болашағы осы сіздерсіздер. Келешекте сіздер аса ірі халықаралық додаларда Қазақ елінің намысын абыройлы қорғайтын белді спортшыларына айналады деп үміттеміз. Жарыс жолында жарқын жеңістер тілеймін! – деді Исламбек Байманов.

Айтулы турнирге 7-16 жас аралығындағы 200-ден аса бала қатысты. Мерекелік жарыстың қатысушылары арнайы естелік сыйлықтармен, дипломдармен және медальдармен марапатталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға