Жаңалықтар

Халықаралық іздеуде жүргендер ұсталды

Халықаралық іздеуде жүргендер ұсталды
Фото: El.kz 10.04.2024 13:53 848
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық қудалаудан жасырылған адамдарды іздестіруге ерекше назар аударды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
 
Агенттіктің ресми өкілі Бас прокуратурамен бірлесіп, Сыртқы істер министрлігінің және Ішкі істер министрлігінің Интерполдың қолдауымен халықаралық іздестіруде Кореяда жүрген күдікті елге жеткізілгенін мәлім етті.
Ол жәрдемдесу қылмыстары, арандату және психотроптық заттармен заңсыз қарым-қатынас жасады деген күдікке ілінді. Атап айтқанда, бұл Түркістан облысы полиция қызметкерлерімен сөз байласып, жергілікті тұрғынды анықталмаған адамдарға мефедрон психикалық затын сатып алуға көндірген. Осы жылдың 24 наурызында күдікті Алматы қаласының тергеу изоляторына қамалды. Бұл қылмысқа қатысты облыстық ішкі істер департаменті есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бөлім басшысы мен жедел уәкілі үй қамақта, - деді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бегайдаров.
Сонымен қатар ресми өкілдің сөзінше, Шымкент халықаралық әуежайында халықаралық іздеуде жүрген тергеу изоляторына қамалғанын атап өтті.
Күдікті Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының бас маманы лауазымын атқара отырып, өзінің басқарма басшысымен алдын ала сөз байласу арқылы заңсыз баю мақсатында ковид-19 байланысты карантин кезінде іс-шаралар өткізуге бөлінген аса ірі мөлшердегі 32,6 миллион теңге көлемінде сеніп тапсырылған ақшаны жымқырған. Аталған қылмыста іздеуде жүрген күдіктілермен жасалған облыстық басқарма басшысы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. 24 наурызда күдікті Кентау қаласындағы тергеу изоляторына қамалған болатын, - деді агенттіктің ресми өкілі Бегайдаров.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға