Жаңалықтар

Халықаралық іздеуде болған 3 адам сотталды

Халықаралық іздеуде болған 3 адам сотталды
Фото: El.kz/Арман МҰХАТОВ 06.09.2024 17:50 528

2023 жылдың қаңтарынан бастап бүгінге дейін Астанада қылмыс жасаған 8 күдікті экстрадицияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Прокуратураның мәліметінше, қазір экстрадицияланғандардың үшеуі сотталған.

«Telegram» қосымшасын пайдалану арқылы «мефедрон» психотроптық затын ірі көлемде заңсыз сатқаны үшін іздеудегі қылмыскер 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол 2 жыл бойы іздеуде болған. Екінші айыпталушы қаржылық пирамида құрып, оған азаматтардан заңсыз үлестік жарналар алғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды, – делінген прокуратура хабарламасында.

Келтірілген шығын 85 млн теңгеден асты.

Ал үшінші қылмыскер аса ірі мөлшерде бөтен мүлiктi талан-таражға салғаны үшін 7 жылға сотталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға