Жаңалықтар

Халықаралық байқаушылар демократиялық тұрғыдан әділ сайлау өтіп жатқанын айтты

Халықаралық байқаушылар демократиялық тұрғыдан әділ сайлау өтіп жатқанын айтты
Фото: El.kz 19.03.2023 13:19 739

Халықаралық байқаушыларға қолғабыс көрсету орталығында Түркі академиясы және АӨСШК байқаушылары сайлаудың жаңа форматын талқылады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан байқаушылардың санына көп мән берген. Әр учаскеде жергілікті бақылаушылар заңнамаға сәйкес жұмыс жасауда. Демократиялық тұрғыдан әділ сайлау өтіп жатыр. Қазіргі уақытқа дейін 10 сайлау учаскесінде болдым. Ешқандай заң бұзушылық тіркелмеді. Сайлау науқаны жоғары деңгейде ұйымдастырылған, - деді Түркі академиясының вице-президенті Эрхан Тюрбедар.

АӨСШК хатшылығының атқарушы директорының орынбасары Фан Чи қоғамның жаңа заңнамалық жүйеге сәйкес тәртіпті аз уақыт ішінде меңгергендерін атап өтті.

Қоғамның саясатқа деген қызығушылығы арта түскен тәрізді. Белсенді дауыс берушілерге қарап әр кандидат пен саяси партияның сайлау алды жоспарымен толықтай танысқанын байқауға болады, - деді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға