Жаңалықтар

Халықаралық алаңдарда азаматтардың дауысы естілуі үшін тетіктер жасау қажет – Әзімова

Халықаралық алаңдарда азаматтардың дауысы естілуі үшін тетіктер жасау қажет – Әзімова
Фото: ҚР Конституциялық Соты 08.06.2023 17:22 888

ҚР Конституциялық сотының төрағасы Эльвира Әзімова басқа спикерлердің санкциялық саясат туралы айтқан тұжырымдарын қолдай отырып, жабық есіктер принципі нәтиже бермейтінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Спикер «әлемдік қауымдастыққа күш тепе-теңдігін сақтау үшін не істеуі керек?» деген сауалға жауап берді.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен басқа ЮНЕСКО сияқты халықаралық институттар бар. Бұрын экономика мәдениетке қалай көмектесе алатындығы туралы айтылатын. Мәдениет бүкіл әлемде қауіпсіздік шараларын орнатуға қалай әсер етуі мүмкін екендігі туралы сөйлесетін кез келді. Қоғамдағы адамгершілікті, руханилықты сақтау адамдарға әсер етудің маңызды құралы болып қала береді, – деді Эльвира Әзімова.

Сондай-ақ ҚР Конституциялық сотының төрағасы ҚР-да енгізіліп жатқан халық үніне құлақ асатын мемлекеттің қағидаттары халықаралық ұйымдарға да таралуы тиіс екенін айтты. Адамдардың, мемлекет азаматтарының пікірлерін естуді үйрену керек деп есептейді.

Халықаралық алаңдарда азаматтардың дауысы естілуі үшін тетіктер жасау қажет. Барлық мемлекеттер азаматтарының мүдделерін ескеретін халықаралық деңгейде жаңа қарарлар енгізу қажет, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға