Жаңалықтар

Халық қалай дауыс берсе, сол шешім нақты орындалуы тиіс - Нартай Аралбайұлы

Халық қалай дауыс берсе, сол шешім нақты орындалуы тиіс - Нартай Аралбайұлы
Фото: parlam.kz 02.09.2024 16:00 799

Қазақстан Републикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нартай Аралбайұлы елімізде атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, Қазақстанда АЭС салу туралы Алматыдағы ядролық физикалық институт директорымен, Астанадағы ядролық физикалық институт директорымен бірқатар басқосулар өткізген.

Сол кезде Ақтау қаласында, Алматы қаласында АЭС-тың сынақтық кішкентай нұсқасы бар екені айтылды. Сондықтан бұл қазақ даласындағы бірінші АЭС емес. Ол 70-ші жылдардан бері келе жатқан дүние. Біздің елімізде салынуы мүмкін екі реакторлы АЭС-тың өзі Қазақстандағы электр энергиясының әзірге 9 пайызын ғана жабады деген мәлімет берді, - деді депутат.

Ол атом электр стансасы экологияға, ауа райына, адамдардың денсаулығына оң әсер ететін болса ғана салынуы керек деп есептейді.

Атомның қауіпсіздігі еліміздің, құзырлы органдардың иелігінде болатын болса, онда бұл жүйеге жасыл бағдаршамның түсін көрсету керек шығар деп ойлаймын. Бірақ бәріміз 6 қазанды күтеміз. Өйткені мұндай ауқымды шешімді Қазақстан Республикасының халқы ғана қабылдай алады. Сондықтан халық қалай дауыс берсе, сол шешім нақты орындалуы тиіс, - деп атап өтті Нартай Аралбайұлы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға