Жаңалықтар

«Халық екіге жарылды». Балғынбек президенттен арандатушыларды тоқтауды сұрады

«Халық екіге жарылды». Балғынбек президенттен арандатушыларды тоқтауды сұрады
Фото: instagram.com/balgynbek_imash 21.09.2023 12:00 4873

Айтыскер ақын Балғынбек Имаш БҰҰ-ның мінберінде Құранды өртегендерді айыптаған Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғысын жеткізді,

Құрметті, Қасым-Жомарт Кемелұлы! Біріккен Ұлттар Ұйымының биік мінберінен Қасиетті Құранды қорғап сөз сөйлегеніңіз үшін Алла дәрежеңізді көтерсін! Қаншама мұсылман елдерінің президенттері айтпаған үлкен мәселені көтеріп, Исламды, Алланың сөзі Құранды құрметтеп, Алланың дініне жәрдемші болғаныңыз үшін Алла сізге жәрдемші болғай!

Біздің түбіміз - түркі, дініміз - Ислам! Атамыз - Алаш, керегеміз - ағаш! - деді Имаш.

Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясы 78-сессиясының Жалпы дебатында Құран өртеу оқиғаларына қатысты пікір білдірген болатын. Президент «Құран секілді қасиетті кітаптардың бәрі вандализмнен құқықтық тұрғыда қорғалуға тиіс» дегенді айтқан еді.

Ал ақын соңғы кездері дінге шабуыл көбейіп, орамалға тиісетіндер саны артқанын айтты.

Соңғы бір-екі жылда әлемде де, біздің өз елімізде де осы саф дінімізге толассыз шабуылдар жасалуда! Оны біз шамалайтын сыртқы күштер өздерін «Тәңіршілміз» дейтін адасушы топтың қолымен де, өздерін зайырлымыз деп санайтын діннен хабарсыз адамдардың аузымен де, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасын мойындамайтын адасушы ағымдардың амалдары арқылы да жүзеге асыруда. Ауызы арақтан құрғамайтын айуандар да, зинақор хайуандар да, нашақор азғындар да, бәлеқор журналистер де дін туралы дәлелсіз жала, дәйексіз пікірін емін еркін айта беретін болды, - деді Балғынбек Имаш.

Ақынның сөзіне қарағанда, мұның бәрі жаудың әрекеті.

Соңғы айларда ғана аруақ мәселесінде, орамал мәселесінде де, домбыра жөнінде де, алаяқтық туралы да үлкен-үлкен дау-дамай туындап халық екіге жарылды. Сіздің елді біріктіру мақсатында жасап жатқан еңбегіңізді еш, тұзыңызды сор қылған арандатушыларға тоқтау болса екен.

Елді екіге жару, берекені кетіру, бүтінді бөлшектеу, күштіні әлсірету, ынтымақты ыдырату, тұнықты шайқау, мемлекетке іріткі салу - не Ібілістің ісі, не жаудың әрекеті, - деді айтыскер.

Сонымен қатар ол намаз оқитындарды арабқұл дегенге қарсы екенін жеткізді. Ал өзі тек қазақтың мүддесі үшін еңбек етіп, балаларын Отанын қорғайтын азамат етіп тәрбиелеп жатқанын да қоса кеткен.

Елдегі мұсылман жамағатын да, қарапайым халықты да төзімді болуға шақырамын. Мұсылмандықтың шарттарын сақтаған намазхандарға «Арабқұл» деген жаланы жабу тым негізсіз. Кеңестік кезеңнің 70 жылында тілі мен дінін ұмытып орыс боп кеткен дүмше-дүбәра қазақ миллиондап саналады, бірақ 14 ғасырдан бері дін ұстаған себепті тілін ұмытып араб болып кеткен бір де бір қазақ жоқ! Біз қазақпыз! Арабқұл да, орысқұл да емеспіз! Қазақтың даласында, қазақша тақиямызды басымыздан тастамай, қазақы шапанмен жүріп, саптама етік киіп, домбырада ойнап, айтысқа қатысып, белімізден шыққан барлық балаларымызды тек Ана тілінде сөйлетіп, осы елді қорғайтын сарбаз етіп тәрбиелейміз, - деді ол.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Балғынбек Имаш (@balgynbek_imash)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға