Жаңалықтар

«Халық екі аптада бір рет қана моншаға барады». Саиров халықтың жағдайы төмендегенін айтты

«Халық екі аптада бір рет қана моншаға барады». Саиров халықтың жағдайы төмендегенін айтты
Фото: t.me/mazhilis_kz 02.06.2023 13:53 2115

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров «Amanat» фракциясының отырысында халықтың әл-ауқатының индикаторын дұрыс жасау керектігін ұсынды, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Депутат Ерлан Саировтің сөзінше, бүгінгі таңда Қазақстанның жалпы ішкі өнімі 3,2 пайызға өсті деп айтылғанымен, Қазақстандағы инфляция 20 пайызға жетіп отыр. Көрші мемлекет Қырғызстанда – 14 пайыз, Өзбекстанда – 12 пайыз және Ресейде 11 пайыз инфляция. Сондықтан жалпы ішкі өнімнің өсімін инфляция жеп жатқанын айтты.  

Мен өзім дүкенге және базарға барамын. Адамдар күнде тұтынатын нан, май, күріш, макарон бағасы 80 пайызға өсіп кетті. Осыны неге біз ашық айтпаймыз. Халық аптасына бір рет емес, екі аптада бір рет моншаға баратын болған. Неліктен? Өйткені халықтың табысы төмендеп кетті, - дейді депутат.

Сондықтан бүгінгі индикаторларды өзгерту керек. Жалпы ішкі өнім Қазақстан халқының әл-ауқатының индикаторы бола алмайды. Негізгі индикатор – ол үй шаруашылықтарының табысы, яғни азық-түлікті тұтынуы, адамдардың белсенді демалысы. Соның барлығын қосып, бір жылда адамдар азық-түлікке, демалуға және моншаға баруға қанша қаражат жұмсайтынын есептеп, жаңа индикатор жасау керектігін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға