Жаңалықтар

Халық әртісі Торғын Тасыбекова өмірден озды

Халық әртісі Торғын Тасыбекова өмірден озды
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі 19.06.2024 09:04 901

Қазақстанның халық әртісі Торғын Тасыбекова өмірден өтті. Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі растады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақ КСР-нің халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның халық әртісі Торғын Тасыбекова Алматы облысында дүниеге келген.

1961 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының актерлік шеберлік факультетін бітірген. Сол жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актерлік құрамына қабылданды.

Қайраткер тұлға асыл өнерді қастерлеудің озық үлгісін көрсетіп, өмірінің соңына дейін өзінің сүйікті театрына аянбай қызмет етті. Актрисаның әсем дауысы, сұлу бейнесі мен шынайы сомдаған кейіпкерлері мәңгі халық жадында қалары сөзсіз. Ардақты жанның ғибратты ғұмыр жолы ешқашан ұмытылмайды. Марқұмның жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын, – делінген министрлік хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға