Жаңалықтар

Ғылыми тағылымдамаға арналған гранттар тағайындалды

Ғылыми тағылымдамаға арналған гранттар тағайындалды
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі 11.07.2024 01:39 662

47 қазақстандық әлемнің жетекші ғылыми және зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге грант иегерлері атанды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, жаратылыстану-техникалық блок бойынша берілген ғылыми тағылымдамалар саны 28 стипендияны (60%), қоғамдық-гуманитарлық блок бойынша 19 стипендияны (40%) құрады.

Ведомство ғылыми тағылымдамаларға гранттарды бөлу кезінде ғылымды дамытудың басым бағыттарының біркелкілігі сақталғанын алға тартады.

Ғалымдар «инжиниринг және технологиялар», «денсаулық сақтау», «ауыл шаруашылығы және ветеринария», «жаратылыстану ғылымдары», «әлеуметтік ғылымдар», «гуманитарлық ғылымдар» және «өнер» бағыттары бойынша тағылымдамадан өтеді. Үміткерлер Harvard University, Queen 's University, University of Tokyo, Queen' s University Belfast сияқты әлемдік рейтингтер қатарына кіретін жоғары оқу орындарына түсті, - делінген мәліметте.

Тізім «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-ның bolashak.gov.kz ресми сайтында қолжетімді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға