Жаңалықтар

Ғылымды басқару моделі қайта ретке келтіріле бастады – премьер-министр

Ғылымды басқару моделі қайта ретке келтіріле бастады – премьер-министр
Фото: t.me/AMANATPartiyasy 31.08.2023 12:44 2275

Премьер-министр Әлихан Смайылов ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес пен ұлттық ғылым академиясы құрылғанына тоқталды, El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңес пен ұлттық ғылым академиясы құрылды. Қазақстандық ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін коммерцияландыруға ерекше назар аударылады. 2023-2025 жылдар аралығында ғылымды қаржыландыру көлемі 643 млрд теңгені құрайды. Оның ішінде биылғы жылы 149 млрд теңге бөлінді, - деді ол.

Үкімет басшысының айтуынша, бұл былтырғымен салыстырғанда 3,5 есеге көп.  

Өткен жылы 1 700 жетекші ғалымның жалақысы 70 пайызға өсті. Жыл сайын жас ғалымдарға әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында тағылымдамадан өту үшін 500 грант беріле бастады. Сонымен қатар іргелі зерттеулермен айналысатын 11 ғылыми-зерттеу институты тікелей мемлекеттік қаржыландыруға ауыстырылды, - деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға