Жаңалықтар

Ғылым және жоғары білім министрі азаматтарды қабылдады

Ғылым және жоғары білім министрі азаматтарды қабылдады
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі 01.11.2024 06:32 310

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің жеке қабылдауында азаматтардың білім және ғылым саласына қатысты сұрақтары мен ұсыныстары тыңдалды. Қабылдауға Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрайымы Г.Көбенова қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Азаматтармен кездесу барысында жоғары білім алу, білім беру мүмкіндіктерін кеңейту, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды қолдау, және ғылыми зерттеулерді қаржыландыру мәселелері қаралды. Сондай-ақ қабылдау аясында тұрғындар екінші жоғары білім алу тәртібі, ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды қолдау, шығармашылық мамандықтарға қабылдау тәртібі, докторантураға қабылдау мәселелерін көтерді.

Қабылдауға келген азамат екінші жоғары білім алу мүмкіндігі мен оны қаржыландыру жолдары туралы ақпаратты нақтылауға мүдделі болды. Мемлекет тарапынан екінші жоғары білім алуға арналған қолдау бағдарламалары, жеңілдіктер, сондай-ақ оны қашықтан оқыту мүмкіндіктері жайлы сұрады. Мүмкіндігі шектеулі адамдардың жоғары оқу орындарына түсуі және оқу процесіндегі кедергілерді азайтуға бағытталған шаралар кеңінен талқыланды. Сондай-ақ азаматтар шығармашылық мамандықтарға түсу емтихандарындағы өзгерістер және осы бағыттағы жаңа талаптар бойынша толық ақпарат алуды сұрады.

Азаматтар қосымша білім беру гранттары қалай бөлінетінін, оларды алу үшін қойылатын талаптарды және гранттардың мақсатты бағыттары жайлы нақтылау сұрақтарын қойды. Сонымен қатар олар гранттар санының өсу мүмкіндіктері туралы қызығушылық танытты.

Министр Саясат Нұрбек азаматтардың сұрақтары мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, әр мәселе бойынша заңды негізде түсініктеме берді. Ведомство басшысы тұрғындардың ұсыныстарын ескере отырып, сала басшыларына осы мәселелерді шешу және жақсарту мақсатында нақты тапсырмалар жүктеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға