Жаңалықтар

Ғылым комитетінің төрағасы тағайындалды

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті
Ғылым комитетінің төрағасы тағайындалды
Фото: Үкімет 01.11.2022 11:49 1631

ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен Дархан Жұмақанұлы Ахмед-Заки ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды El.kz

Дархан Ахмед-Заки 1981 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ Мемлекеттік Техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласындағы Республикалық медицина колледжінде физика және математика пәндерінің оқытушысы болып бастаған.

2003 жылы Жаңаөзен қаласында «Қазақойл» ЖАҚ технологиялық зерттеулер орталығының инженер-бағдарламашысы болып жұмыс істеді.

2004-2012 жылдары – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің ассистенті, оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, деканның оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, «Информатика» кафедрасының меңгерушісі.

2012-2013 жылдары – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің деканы.

2013-2016 жылдары – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу жұмысы жөніндегі проректор.

2016-2017 жылдары – ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры.

2017-2020 жылдары – Халықаралық бизнес университетінің президенті.

2020 жылдың тамыз айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Astana IT University ректоры қызметін атқарды.

Бұған дейін осы лауазымды атқарған Әділет Жүнісұлы Тойбаев қызметінен босатылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға