Ғұсман Қосанов мемориалы: Қонаевта халықаралық жеңіл атлетика турнирі өтеді
01.08.2025 21:47
Фото:
Olympic.kz
Ертең Алматы облысындағы Олимпиадалық даярлау орталығында Ғұсман Қосановты еске алуға арналған халықаралық жеңіл атлетика турнирі басталады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ҰОК мәліметінше, аталған жарыс World Athletics Continental Tour Bronze Level сериясына енген және халықаралық маусымдағы маңызды кезеңдердің бірі болып саналады. Биыл турнир 2-3 тамыз аралығында өтпек. Жарысқа 17 елден 214 спортшы қатысып, Қазақстан құрамасынан көптеген көшбасшы бақ сынайды.
Жарыс аясында спортшылар қыркүйек айында Жапонияда өтетін әлем чемпионаты алдында маңызды рейтингтік ұпайлар жинауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, жарысты тамашалау көрермен үшін тегін.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

