Гүлзира Айдарбекованың жаңа әні көпшіліктің сынына ұшырады
Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова тыңдармандарына жаңа ән ұсынып, сынның астында қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осы жолғы Кипрдағы естеліктерім жеке парақшамда тұра берсінші. Әрбір күніміз тарих қой, шіркін! Оқырмандарыма да әлемді көзімен көру бұйырсыншы! Осы әнімді Нұрекең ерекше жақсы көріп тыңдаушы еді. Сіздер де тыңдап көріңіздер! Қандай жағдай болса да, махаббаттарыңыз көркем болып, қосақтарыңызбен бірге болуларыңызды жазсын Алла! Қайсыбір жүрек кешірімді болса, тыныш өмір сүреді. Тағдырға риза болған жан, бақытты ғұмыр кешеді. Алланы әрдайым мақтап жүретін жан, таңды жылы жүзбен атырады, – дейді продюсер.
Желі қолданушылары өз пікірлерін білдіріп жатыр.
“Ән әдемі екен. Орындаушысының даусы жоқ”, “Ұялмаған әнші болады деген осы кісілерге айтылған”, - деп жазып жатыр оқырмандар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram