Жаңалықтар

Гүлмира Сатыбалдыға үкім шықты

Гүлмира Сатыбалдыға үкім шықты
Фото: видеодан алынған кадр 29.08.2024 17:34 662

Судья Гүлмира Сатыбалдының резонанстық ісі бойынша шешім қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сот Сатыбалды Гүлмираны Қылмыстық кодекстің 126-бабының 3-бөлігі, 3-тармағы бойынша "Заңсыз бас бостандығынан айыру" қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп тауып, оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

194-баптың 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. "Бопсалау" және ҚК 389-бабының 4-бөлігі "Өз бетінше билік ету" бойынша 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қылмыстық кодекстің 58-бабының 3-бөлігіне сәйкес, жазаларды қатаңырақ жазамен Сатыбалдыға түпкілікті 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Қылмыстық кодекстің 58-бабының 6-бөлігіне сәйкес, қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаларды жартылай қосу арқылы түпкілікті 12 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - деді судья Мартпек Қакимжанов.

Айта кетейік, күні кеше өткен сот жарыссөзінде Гүлмира Сатыбалды денсаулығының нашарлауына байланысты соңғы сөз айтудан бас тартты.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға