Жаңалықтар

Гүл дүкеніндегі жағдай: ІІМ ӨҚД полиция департаменті қызметкерлеріне қатысты тергеу бастады

Гүл дүкеніндегі жағдай: ІІМ ӨҚД полиция департаменті қызметкерлеріне қатысты тергеу бастады
Фото: Видеодан кадр 13.08.2023 13:55 1376

Шымкентте гүл сататын дүкенде ақша төлемей, сатушыға қол жұмсаған бұрынғы полицейге қатысты ішкі істер министрлігі түсініктеме берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Өзіндік қауіпсіздік департаменті бұрынғы учаскелік инспектор Мұхтар Бековтің "ROMANTIC" гүл салоны мен "Eldorado" ресто-барының жұмысшыларына қатысты жасаған заңсыз әрекеттеріне байланысты бұқаралық ақпарат құралдарында таралған мәліметтерді тексеру жұмыстарын бастады. 

М.Бековке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 2-бөлігі "Тонау" бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. 

Шымкент қаласы полиция департаменті қызметкерлерінің іс-әрекеттерінің заңдылығын Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 371-бабының 1-бөлігі "Салғырттық" бойынша басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында өзіндік қауіпсіздік бөлімшесі тексеретін болады, - деп жазылған ІІМ таратқан ақпаратта. 

Министрлік екі қылмыстық іс бойынша жүргізіліп жатқан тергеудің объективтілігі мен жан-жақтылығын қамтамасыз етпек.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға