© AFP

Грекияда бір тәулікте 45 орман өрті орын алды

18.07.2023 19:29

Грекияда соңғы тәулікте аптап ыстық пен күшті жел салдарынан 46 орман өрті тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Анадолу» агенттігі таратқан мәліметке сүйенсек, Грекияның өрт қызметі жақын күндері көптеген өңірде «орман өртінің жоғары қатері» туралы ескерту жасаған. 

Құрамына ел астанасы Афины қаласы кіретін Аттики өңіріндегі метеорологиялық жағдайдан орман өртінің орын алу қатері артқан. 
Елде 20 шілдеде аптап ыстық шарықтау шегіне жетеді деп күтілуде. 

Еске салайық, 2021 жылы Грекияда тілсіз жау орманның мыңдаған гектарын шарпыған.