Грек-рим күресінің шеберлері халықаралық турнирден бес медаль жеңіп алды
28.08.2024 08:34
Фото:
ҚР ҰОК
Ресейдің Новосибирск қаласында грек-рим күресінен Аксенов мемориалы аяқталып, қазақстандық балуандар жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Olympic.kz мәліметінше, турнир барысында екі қазақстандық балуан финалға шығып, бірі алтын, бірі күміс иеленді.
Атап айтар болсақ, 55 келідегі Аманғали Бекболатов күміске қол жеткізсе, Ғалым Қабдунасаров 60 келіде чемпион атанды.
Биылғы Азия чемпионы Ержет Жарылқасын мен әлем чемпионатының жүлдегері Мейрамбек Айнағұлов (екеуі де 63 келі) турнирдің қола медалін жеңіп алды.
72 келі салмақта Әділхан Сатаев үздік үштікке енді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

