Грек-рим күресі: үш балуанымыз Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Фото: t.me/sport_comiteti
Фото: t.me/sport_comiteti
25.03.2025 20:06
353
Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан күрестен Азия чемпионатында үш отандасымыз жартылай финалда жолдама алып үлгерді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Грек-рим күресінен Әсет Сұлтанұлының (63 кг) ізін жалғап, Шамиль Ожаев (87 кг) пен Әлімхан Сыздықов (130 кг) ақтық сынға бір табан жақындай түсті.
Шамиль әлем чемпионы (U20) Асан Жанышевтан (Қырғызстан) жеңісті соңғы секундтарда жұлып алды. Әлімхан Әли Талиб Әл-Шариидың (Ирак) осал тұсын тапты.
Бөлісу:

Келесі жаңалық
Бас мүфти Қадір түні қарсаңында мәлімдеме жасады