Грек-рим күресі: Қазақстан U20 әлем чемпионатында төртінші медаль жеңіп алды
25.08.2025 00:18
Фото:
ҰОК
Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Самоков (Болгария) қаласында өтіп жатқан U20 әлем чемпионатындағы өнер көрсетуін аяқтады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ҰОК мәліметінше, әлемдік доданың соңғы күнінде екі балуанымыз бозкілемге шықты.
Темірлан Тұрдақын 87 келіге дейінгі салмақта қола үшін өткен белдесуде Әзірбайжан спортшысы Орхан Гаджиевті жеңді. Сондай-ақ, 63 келіге дейінгі салмақта Дамир Ибраишов та үшінші орын үшін күресті. Алайда ол Ресей балуаны Игорь Пунченкодан ұтылды. Осылайша, әлем чемпионатында отандастарымыз төрт жүлде жеңіп алды.
Диас Сейітқалиев (82 келіге дейін) күміс жүлдегер атанды. Ал Арсен Жұма (55 келіге дейін), Юсуф Ашрапов (72 келіге дейін) және Темірлан Тұрдақын (87 келіге дейін) үшінші орынға табан тіреді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

