©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney

Google әлемдегі ең ақылды нейрожеліні іске қосты

Google компаниясы Gemini 3 атты жаңа чат-бот моделін таныстырды. Корпорация бұл жүйені әлемдегі ең озық мультимодальді платформа деп атап, оның бәсекелестерінен айтарлықтай алда екенін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Видеотаныстырылым компанияның YouTube арнасында жарияланған.

Gemini 3 интернеттегі кез келген ақпаратты – мәтін, сурет, видео, аудио – бәрін өңдей алады. Әзірлеушілердің айтуынша, жаңа модель сұрақтарға бұрынғыдан да нақтырақ жауап беріп, қолданушыға күнделікті өмірін жоспарлауға көмектеседі.

Ал ең үлкен серпіліс Gemini 3 Deep Think нұсқасында байқалады. Бұл режимде нейрожелі сұраныстарды тереңірек талдап, тестілеулерде, ғылыми зерттеулерде және күрделі математикалық есептеулерде ең әсерлі нәтижелер көрсетеді.

Gemini 3 қазірдің өзінде осы аттас қосымшаға жазылған барлық қолданушыларға қолжетімді. Жақын уақытта модель Google іздеу жүйесіне де енгізілмек.