Головкин мен Фалькао жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
19.10.2022 14:05
Фото:
abai.kz
Бразилиялық боксшы Эскива Фалькаоның (30-0, 20 КО) менеджері Сержио Батарелли WBA мен IBF-тен хабарлама алған. Оған сәйкес, оның клиенті орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 КО) айқасуы тиіс, деп хабарлайды El.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Жекпе-жек 120 күннің ішінде өтуі тиіс, жеңімпаз орта салмақтағы WBA әлем чемпионы Эрисланди Ларемен жұдырықтасуы керек.
«Енді ресми жариялаймыз. Мен қазір ғана IBF пен WBA-ден хат алдым. Онда келесі жылдың басында Эскива Фалькао мен Геннадий Головкиннің титулдық жекпе-жегін өткізу туралы келіссөз бастауды бұйырған. 2023 жылдың ақпанында немесе наурызында өтеді деп ойлаймын (тек болжам ғана). Өтетін орны мен уақыты келіссөзден кейін нақты белгілі болады», - деді функционер бразилиялық БАҚ-қа берген сұхбатында.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

