Головкин - "Канело" трилогиясында Қазақстанның әнұранын Димаш орындайды
15.09.2022 08:33
Фото:
instagram.com/kudaibergenov.dimash
Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегінде Қазақстанның әнұранын орындайды, деп хабарлайды El.kz.
Дәстүр бойынша жекпе-жек басталар алдында әнұран айтылады. Жекпе-жек Қазақстан уақыты бойынша 18 қыркүйек, жексенбі күні таңертең өтеді. Оны Qazaqstan және Qazsport телеарналары тікелей эфирде көрсететін болады.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес 17 қыркүйекте екінші орта салмақта үшінші мәрте кездеседі. Жекпе-жек Лас Вегас қаласындағы T-Mobile Arena-да өтеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

