Коллаж El.kz

Голливудты бағындырған қазақстандық жас актерлер

Бүгінде қазақстандық актерлер тек отандық емес, шетелдік жобаларда да бой көрсетіп жүр. Голливудтық блокбастерлерден бастап ресейлік телесериалдарға дейін олардың өнері халықаралық деңгейде бағаланып келеді. Канн фестивалінде көрсетілген картиналар мен әлемдік ауқымдағы киножобаларда ойнаған жас таланттар Қазақстан киносының жаңа буынының әлеуетін айқындайды.

Осы ретте El.kz тілшісі шетелдік жобаларға қатысып жүрген отандық актерлерге шолу жасады.

Жандос Айбасов

Жандос Айбасов – қазақстандық актер, продюсер, режиссер әрі каскадер. Ол 1989 жылдың 30 маусымында Алматы қаласында дүниеге келген. Бала кезінен өнерге құштар болып, бокс және зергерлік іспен айналысқан. Тансықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжін және Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын тәмамдаған. Академияда А.Әмірқұловтың жетекшілігімен режиссура мамандығын игерді.

https://www.instagram.com/zhandos_aibassov

Кино саласындағы дебюті 2014 жылы «Ол және Ол» мелодрамасыннан басталды. Кейін «Қазақша тонау», «Марко Поло», «Кенже», «Тараз», «Махаббатпен» және өзге де фильмдерге түсті. Айбасовтың спорттық дайындығы мен каскадерлік тәжірибесі оған күрделі трюктерді өз орындауына мүмкіндік берді.

Сонымен қатар Ресей мен Қытай бірлесіп түсірген фэнтези жанрындағы «Айдаһардың құпия мөрі» фильмінде ойнады. Бұл туынды екі елдің тарихы мен мәдениетіне негізделген, ал басты рөлдерді Джеки Чан мен Арнольд Шварценеггер сомдаған. Фильм ресейлік «Вий» картинасының сиквелі саналады.

2020 жылы Жандос Айбасов фотограф әрі арт-директор Марина Карпаковаға үйленді. 2021 жылы ерлі-зайыптылардың қызы дүниеге келді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Zhandos Aibassov. (@zhandos_aibassov)

Соңғы жылдары ол продюсерлік пен режиссураға ден қойып жүр. 2023 жылы америкалық-өзбекстандық «Тамерлан» жобасында бой көрсетіп, жеке продюсерлік компаниясын ашуға кірісті. Сұхбаттарында алдағы уақытта бизнеске көбірек көңіл бөліп, өмірден ләззат алуды жоспарлайтынын, ал киноға түсуге аса мән бермейтінін айтқан.

Асқар Ілиясов

Асқар Ілиясов – қазақстандық жас актер, ресейлік кино әлемінде өзін еркін сезінген дарын иесі. Оның фильмографиясындағы маңызды жобалардың бірі – тарихи «Золотая Орда» телехикаясы. Бұл жобада Ілиясов ресейлік және қазақстандық актерлермен бірге ойнап, көрермен назарын аударды.

2019 жылы Асқар жаңа жанрға қадам жасап, «Мертвое озеро» атты мистикалық детективке түсті. Бұл телехикаяда оның серіктестері Евгений Цыганов, Павел Табаков және Александра Ребенок болды.

https://www.instagram.com/askar.ilyassov 

Сондай-ақ актер қазақстандық комедия «Базара нет, Мексика!» фильмінде және халықаралық платформаларда көрсетілген ресейлік драма «Эпидемияда» бой көрсетті. Негізінен Ілиясовтың шығармашылығы қазақстандық және ресейлік жобалардан тұрса да, «Эпидемия» секілді туындылар оның шетелдік жобаларға да үлес қосқанын көрсетеді.

Асқар Ілиясов 1996 жылы Ақмолада (қазіргі Астана) дүниеге келген. Болашақ актердің ата-анасы өнер саласынан алшақ жандар еді: әкесі – инженер-механик, анасы – бастауыш сынып мұғалімі.

Алты жасына дейін Асқар отбасының жалғыз баласы болып, ата-анасының бар ықыласына бөленіп өсті. Алайда інісі Ансар дүниеге келгеннен кейін, анасының назары сәбиге ауысты. Бұл жағдай Асқар үшін ауыр соққы болып, жүрегінде ұзақ уақыт реніш сақталды. Кейінірек отбасы тағы бір ұлмен толықты – оған Алдияр есімі берілді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от IAM (@askar.ilyassov)

Анасы тұңғышының шығармашылық қабілеттерін ерте байқап, дамытуға тырысты. Сондай-ақ ол Асқарға кітапқа деген сүйіспеншілікті дарытты. Бала күнінен Ілиясов Эдуард Успенскийдің шығармаларын қызыға оқыды.

Бибігүл Ақтан

Бибігүл Ақтан – қазақстандық әрі ресейлік кино өнерінде танылған актриса. Ол өзінің алғашқы дебютін ресейлік картинада жасағандықтан, оны ресейлік-қазақстандық актриса деп атауға толық негіз бар.

https://www.instagram.com/bibigul_aktan_s

Белгілі қазақ актрисасы бірнеше жыл бұрын Ресейге біржолата қоныс аударғанын мәлімдеп, Мәскеуді шығармашылық орталық ретінде бағындыруды және мансабын сол жақта жалғастыруды көздейтінін ашық айтқан.

Бибігүл 1991 жылдың 4 шілдесінде Қазақстанда продюсер Актан Суюншалиннің отбасында дүниеге келді. Әкесі – қызымен бірлесе жұмыс істейтін әрі оның жеке агенті. Ол отандық телеарналарға SuperStar.kz және Credit stori сынды жобаларды шығарған. Анасы – Диана Суюншалина, еңбек жолын «Қазақфильмде» костюмер болып бастап, кейін екінші режиссер қызметін атқарған.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Erik-Erkinbek Ibraev (@erik_ibraev_)

Балалық шағында Бибігүл көркемөнер студияларына қатысып, өнерге ерте қадам басқан. Оның толық есімі – Бибігүл Ақтан Суюншалина, алайда кино саласында әкесінің атын сахналық фамилия ретінде қолдануды жөн көрген. Британ колледжін тәмамдап, Marketing Communications мамандығы бойынша диплом алған. Актриса ағылшын тілін еркін меңгерген.

Санұржан Сүлейменов

Санұржан Сүлейменов – кино және телевизия актері. 1998 жылдың 9 сәуірінде Алматы қаласында дүниеге келген. Үлкен кинодағы алғашқы қадамын 2012 жылы «Аңшы бала» фильміндегі Қамбардың бейнесімен жасады. Бұл туынды халықаралық бірнеше кинофестивальдің лауреаты атанып, Лос-Анджелесте өткен International Film Festival-де «Үздік шетелдік кинодрама» жүлдесін жеңіп алды.

https://www.instagram.com/sanurzhan

Жас актер түрлі жанрларда өзін көрсете білді: атыс-шабыс, әскери және тарихи фильмдер, балалар мен отбасылық картиналар, драма, комедия, криминал, шытырман оқиғаға толы кинолар мен экшн. Санұржан әр туындыны ерекше талғаммен қабылдап, көбіне басты рөлдерді сомдайды. Оның актерлік шеберлігі көрермен тарапынан жоғары бағаланып жүр.

Сүлейменов түріктің «Руми» атты тарихи телехикаясына арнайы шақырту алып, эпизодтық рөлде ойнады. Сол сәтте қолы сынғанына қарамастан, ол кейіпкерінің бейнесін шынайы жеткізуге бар күшін салды. Сериал Түркияның Конья қаласында түсірілді.

Бұл телехикая XIII ғасырда өмір сүрген ұлы сопы философ әрі ақын – Мевлана Жалаладдин Румидің өмірі мен мұрасы туралы баяндайды. Оқиғалар оның балалық шағынан бастап, ұлы ұстаз және ойшыл ретінде қалыптасқан кезеңіне дейінгі жолын қамтиды.

Санұржан Сүлейменов аталмыш жоба арқылы түрік киносының Баязит Гюлерджан, Бюлент Иналь, Деврим Озкан, Каан Йылдырым, Илькер Аксум, Усхан Чакыр, Юсуф Чим, Йылмаз Груда, Тюлин Орал және Тургай Айдын сынды танымал актерлерімен бірге ойнау мүмкіндігіне ие болды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от tabii عربي (@tabiiar)

Түріктің «Руми» атты тарихи сериалына түстім. Керемет актерлармен жұмыс істедім. Басты рөлдерде Бюлент Иналь сынды шебер әртістер ойнады. Түрік сериалдарының ерекшелігін көрдім, қызық болды. Біздің отандық фильмдерден айырмашылығы – олардың бюджеті әлдеқайда жоғары, сериалдарға қомақты қаржы бөледі, – дейді актер.

Айжан Ирғалиева (Лайджи)

Айжан Ирғалиева (Лайджи) – қазақстандық актриса және заңгер. Ақтөбе қаласында дүниеге келіп, алғашқы білімін №9 гимназияда алады.

Кейінірек Астанаға көшіп, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «халықаралық құқық» мамандығы бойынша жоғары оқу орнын тәмамдады. Одан соң Гарвард университетінде білімін жалғастырып, Лос-Анджелестегі Калифорния университетінде халықаралық арбитраж саласын тереңдетіп оқиды. Негізгі мамандығы заңгер болғанымен, шығармашылыққа деген қызығушылығы оны осы университеттің театр, кино және телевизия факультетіне алып келді. Әлемге танымал актерлерді дайындайтын бұл мектеп Айжанның өнер жолына жол ашты.

https://www.instagram.com/aizhanlighg

Қазіргі таңда ол АҚШ-та кәсіби актерлікпен айналысып жүр. Оның фильмографиясында «Спасатели Малибу» картинасы, HBO арнасындағы «Игроки» және «Мир дикого Запада» сериалдары бар.

Сонымен қатар ABC тележобаларына да қатысты. Голливуд жұлдыздары Марк Дакаскос және Дуэйн «Скала» Джонсонмен бірқатар туындыларда бірге ойнаған. Бұдан бөлек тәуелсіз жобаларға да белсенді қатысып келеді. Мысалы, «Кондоминиум» атты комедия мен «Убийственное селфи» триллерінде көрерменге жаңа қырынан танылды. Соңғы фильм Канн кинофестивалінде көрсетілді, Айжан Кортни есімді кейіпкерді сомдайды.

Бүгінде актриса әлемге белгілі «8711» каскадерлік командасында шынығуда. Бұл топты «Джон Уик» киносериясының режиссері Чад Стахелский басқарады. Ол шәкірттеріне дзюдо техникасын меңгертіп, экрандағы жекпе-жек көріністерін кәсіби деңгейде орындауға үйретеді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Aizhan Irgaliyeva (@aizhanlighg)

Айжан Ирғалиева (Лайджи) – заңгерлік білімін өнермен ұштастыра білген, Голливуд жобаларына қатысып жүрген жас талант.

Темірхан Тұрсынғалиев

Қазіргі таңда қазақстандық жас каскадерлер де Голливуд жобаларына қатысып, әлемдік кинода өз орнын көрсетіп жүр. Халықаралық деңгейде танылған отандық «Nomad Stunts» каскадерлік тобының он мүшесі атақты режиссер Ридли Скотт түсірген, Францияның әйгілі императоры Наполеон Бонапарттың жастық шағы туралы баяндайтын «Наполеон» фильміне түскен.

https://www.instagram.com/tim_nomad

Аталған жобаға қатысқандардың арасында «Nomad Stunts» жетекшісі Жайдарбек Күнгіжүновтің ұлы – Темірхан Тұрсынғалиев те бар.

Біз ағылшындар мен француздар үшін соғыстық, пруссиялықтар мен австриялық сарбаздардың, сондай-ақ казактардың рөлін сомдадық. Бос уақытымыз болмады деуге де болады. Барлық көріністер соншалықты шынайы шыққандықтан, кейде өзімді нағыз соғыстың ортасында жүргендей сезіндім, – дейді каскадер Темірхан Тұрсынғалиев.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Канабаев Тулеген (@kanabaev98)

Қорытындылай келгенде, қазақстандық жас актерлердің Голливуд пен басқа да шетелдік жобаларға қатысуы – ұлттық кино өнерінің жаңа деңгейге көтерілгенінің айғағы. Олар тек ел намысын қорғап қана қоймай, халықаралық сахнада қазақ таланттарының да бәсекеге қабілетті екенін дәлелдеп жүр. Бұл үрдіс алдағы уақытта да жалғасып, отандық кино жұлдыздарының қатарын толықтыра түсері сөзсіз. Жас буынның табандылығы мен еңбекқорлығы олардың жаңа белестерді бағындыруына жол ашады. Қазақ актерлерінің әлемдік экранда жарқырауы – еліміздің мәдени жетістіктерінің бір көрінісі.