Жаңалықтар

Голливуд актері Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бір бөлшегі болғысы келетінін айтты

Голливуд актері Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бір бөлшегі болғысы келетінін айтты
Фото: Comicon Astana 01.08.2024 22:04 365

Атақты голливуд актері Мадс Миккельсен Астанадағы ComicCon фестивалінің арнайы қонағы болды, деп хабарлайды 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары дирекциясына сілтеме El.kz ақпарат агенттігі.

«Ганнибал» және «Доктор Стрэндж» жұлдызы Қазақстанның астанасына тәнті болды. Ол сондай-ақ алдағы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бір бөлшегі болғысы келетінін айтты.

Мен Астананы жақсы білемін деп айта алмаймын, өйткені мұнда небәрі 30 сағат қана болдым. Бірақ қала өте әдемі деп сенімді түрде айта аламын. Тағамдарыңыз ерекше ұнады, өте дәмді. Мен көп ет жедім, оны қанша жегенімді де айта алмаймын, бұл керемет. Біз Даниядан болғандықтан, Астананы велоспорт командасы арқылы білеміз. Біз Тур де Франсқа барған кезде сіздердің велокомандаларыңыз танымал болды. Олардың велосипед жарысын көру керемет болар еді. Мен көшпенділер ойындарын көріп қана қойғым келмейді. Олардың бір бөлшегі болып, құс ұстап, атқа мінгім келеді, – деді актер. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға