Жаңалықтар

Ғиният ҒЗИ жетекші дәрігерлерінің бригадасымен Павлодар облысына барды

Ғиният ҒЗИ жетекші дәрігерлерінің бригадасымен Павлодар облысына барды
Фото: gov.kz 14.02.2023 20:01 1187

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың Павлодар облысына ұлттық ғылыми орталықтар мен медициналық ЖОО-ның жетекші мамандарының бригадасымен және ДДҰ делегациясымен жұмыс сапары басталды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ведомствоның жұмыс тобының құрамында спутник-қалаларда консультациялық және әдіснамалық көмек көрсету үшін құрамында нейрохирургтер, травмотологтар, ортопедтер, кардиологтар, пульмонологтар, онкогематологтар, гастроэнтерологтар (гепатологтар), акушер-гинекологтар, рентгенологтар, онкологтар, инфекционистер бар «Астана медицина университеті» АҚ, Ұлттық ғылыми онкология орталығының, Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық травматология және ортопедия ғылыми орталығының, «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» АҚ-ның және «ҮМІТ» халықаралық томотерапия онкология орталығының жоғары дәрежелі дәрігерлер бригадасы шықты. 

Арнайы бейінді мамандар қалалық ауруханалардың базасында Екібастұз, Ақсу қалаларында жергілікті халықтың денсаулық жағдайына дәрігерлік қабылдаулар мен диагностика жүргізеді.  

Министрдің жұмыс сапары бағдарламасында  Байет ауылының фельдшерлік-акушерлік пунктіне, Екібастұздағы қалалық емханаға, Ақтаудағы қалалық ауруханаға бару, Павлодар облысының медициналық ұйымдарының басшыларымен кеңес бар. 

Содан кейін өңірдің тұрғындарымен және азаматтық секторымен дәстүрлі кездесу, азаматтарды жеке қабылдау және республикалық және облыстық БАҚ журналистеріне арналған брифинг өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға