Германияда жасөспірім мектеп мұғалімдері мен оқушыларына пышақпен шабуылдады
29.09.2023 09:43
Фото:
Pixabay.com
Испанияның оңтүстігіндегі Херес қаласында 14 жасар жасөспірім мемлекеттік мектеп мұғалімдері мен оқушыларына пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Салдарынан бірнеше адам жарақат алып, олардың бесеуі ауруханаға жатқызылды, мұғалімдердің біріне күрделі операция жасалған.
Euronews-тің хабарлауынша, 14 жасар оқушы қамауға алынды. Оның мұндай қадамға неліктен барғаны әзірге белгісіз.
Зардап шеккендердің арасында үш мұғалім мен екі кәмелетке толмаған бала бар.
Полицияның хабарлауынша, қылмыскер оқу орнына екі пышақпен келіп, сабақ басталғаннан кейін көп ұзамай адамдарға шабуыл жасаған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

