Жаңалықтар

Германияда Қазақстан азаматы жоғалып кетті

Германияда Қазақстан азаматы жоғалып кетті
Фото: жеке мұрағатынан 10.06.2024 09:46 2203

Германияда 2024 жылдың 4 маусымында жоғалып кеткен Қазақстан азаматы Айгүл Сайлыбаевты іздеу жарияланды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі.

Айгүл Сайлыбаева 35 Tannbergstraße, Bensheim мекен-жайындағы үйінен кеткен. Содан бері одан хабар-ошар жоқ. Сайлыбаеваның телефоны өшірілген, ал хабарламалар жетпейді. Ол соңғы рет 2024 жылдың 3 маусымында Берлин уақытымен сағат 10:35-те хабарласқан.

Әлеуметтік желідегі жарияланымда Айгүлдің күйеуі Александр Донцов пен қайыненесі тарапынан зорлық-зомбылық ұшырауы мүмкін екені айтылады. Ол бұл мәселесін достарына бірнеше рет айтқан. Сайлыбаеваның үш жасар, неміс азаматы Жаклин атты кішкентай қызы бар. Туыстары Айгүлдің ешбір жағдайда қызын тастап кетпес еді дейді.

Айгүлдің туған-туыстары Қазақстанның Германиядағы консулдығына жүгінген. Қазір ұшып келіп, іздеуге көмектесу үшін виза алуға тырысуда. Неміс полициясы адамның жоғалуына байланысты іс қозғады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға