Германияда айналмалы дөңгелек өртеніп, 65 адам зардап шекті
19.08.2024 05:13
Фото:
t.me/ru2ch
Германияда адамдар отырған айналмалы дөңгелек өртенді. Оқиға фестиваль кезінде болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Лейпциг маңындағы Штермталь көлінде өтіп жатқан фестиваль кезінде айналмалы дөңгелек кабинасынан өрт шығып, қызыл жалын екінші кабинаға жеткен. Бұл уақытта дөңгелекте адам толы болған.
Салдарынан 65 адам әртүрлі деңгейдегі жарақат алғаны анықталды. Зардап шеккендердің басым бөлігінің жарақаты жеңіл. Оларға сол жерде медициналық көмек көрсетілген. Ал 16 адам ауруханаға жатқызылған, төртеуін күйік шалса, біреуі биіктен құлаған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

