Германия президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты резиденциясында қарсы алды
29.09.2023 15:00
Фото:
t.me/aqorda_resmi
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары жалғасып жатыр. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысы Bellevue резиденциясына келді. Қ.Тоқаевты Германияның Федералдық президенті Франк-Вальтер Штайнмайер қарсы алды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Германия президентінің резиденциясында Құрметті қонақтар кітабына естелік қолтаңба қалдырды.


