Германия босқындарды қамтамасыз етуге 1 млрд еуро бөлмек
Фото: © AP
Фото: © AP
11.05.2023 10:23
1155
Германия үкіметі 2023 жылы босқындарды қамтамасыз ету үшін аймақтарға €1 млрд бөлу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бұл туралы босқындар мәселесі жөніндегі федералды үкіметтің кеңес қорытындысы бойынша қабылданған резолюцияда айтылды.
Федералды үкімет босқындарға берілетін бір реттік төлемді €1 млрд ұлғайту туралы шешім қабылдады, – делінген құжатта.
Ал Германияның ішкі істер министрі Нэнси Фезер елге заңсыз кіретін босқындар санын азайтуға ниетті екенін мәлімдеген.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ауғанстанда жер сілкінді