Жаңалықтар

Геннадий Головкин: «Қазақстанда жекпе-жек өткізуді армандаймын»

Атақты боксшы Астана қаласында жанкүйерлерімен кездесті.
16.06.2016 04:02 3015

Астанада қазақстандық кәсіпқой боксшы, WBA, IBO, WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин жанкүйерлерімен жолықты. Аталған кездесуде BI Group компаниясының директоры Айдын Рахимбаев салтанатты түрде Геннадий Головкинге пәтер кілтін табыстады.

Геннадий Головкин: «Қазақстанда жекпе-жек өткізуді армандаймын»

Астана қаласынан пәтерлі болған атақты боксшы жакүйерлерінің қойған сауалдарына жауап берді.

Геннадий Головкин: «Қазақстанда жекпе-жек өткізуді армандаймын»

– Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жек қашан болады?

– Менде бұл жекпе-жекті асыға күтіп жүрмін. Біздің тараптан Альвареспен жекпе-жектің өтуі үшін барлық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алайда, қарсы тараптан сенімді шешімдер болмағандықтан әзірге жекпе-жек уақытын нақты айта алмаймын. Сондықтан бұл сұрақты «Канелоның» өзіне қойған дұрыс болар.

– Алдағы Рио-де Жанейро Олимпиадасына кәсіпқой боксшылардың қатысуына рұқсат берілді. Бірақ сіздің төрт жылдықтың басты додасына бармайтыңызды естідік?

– Сіз дұрыс айтып отырсыз. Мен Олимпиада ойындарына бармаймын. Әрине, Олимпиада ойындарына барып, сол жақта Қазақстан спортшыларын қолдағым келген болатын. Бірақ, өкінішке қарай бұл мүмкін емес. Оның өзіндік бірнеше себептері бар. Кәсіпқой бокс пен әуесқой бокс екеуі екі түрлі спорт деп есептеймін.

Геннадий Головкин: «Қазақстанда жекпе-жек өткізуді армандаймын»

– Гена, сіз қазір орта салмақта өнер көрсетіп жүрсіз. Алдағы уақытта екінші орта салмаққа яғни 168 фунтқа ауысу жоспарыңыз да бар ма?

– Менің орта салмақта белгілі мақсаттарым бар. Болашақта орта салмақтағы барлық белбеулерді иеленсем деймін.

– Қазақстанда жекпе-жек өткізу жағы қалай болып жатыр?

– Өте орынды сұрақ. Шын мәнінде мен Қазақстанда жекпе-жек өткізуді армандаймын. Біз бүгін америкалық HBO арнасының түсірілімін тобын ертіп келдік. Олар қазір барлық мәліметтерді жинап жүр. Біздің шынымен жоғары деңгейлі кездесу өткізуге қауқарымыз қандай соған байланысты зерттеу жүргізіп жатыр. Бізбен бірге Қазақстанға атақты HBO телевизиялық компаниясы келді. Олар елімізде үлкен бокс кездесуін өткізу мәселесін зерттеуде. Меніңше, Қазақстандағы кездесу келесі жылға дейін болмайды. Егер барлығы жүзеге асып жатса, біз жекпе-жекті «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында Астанада ұйымдастыру жоспарымызда бар. Қазақстан нағыз чемпиондардың қатысуымен өтетін кездесуді көруге әбден лайықты.

Геннадий Головкин: «Қазақстанда жекпе-жек өткізуді армандаймын»

– Ал спорттық мансабыңызды қашан аяқтағыңыз келеді?

–Жігіттер, әзірге менің бокстасуға шамам жетеді. Өзімді шаршы алаңда жақсы сезінемін. Ал бірақ қанша жасқа дейін жүретінімді білмеймін, Барлығы жағдайға байланысты. Сөзсіз бокс өте қауіпті спорт. Егер дәуренімнің өтіп бара жатқанын сезсем, сол кезде бірден карьерамды аяқтайтыныма сөз беремін.

Геннадий Головкин: «Қазақстанда жекпе-жек өткізуді армандаймын»

– Әрбір кездесуіңізге қазақтың ұлттық шапанын киіп шығасыз? Бұдан басқа қандай ұлттық дәстүрлерді қадағалайсыз?

– Үйге келгенде ет асылады. Сондай-ақ бауырсақ жеп, қымыз ішемін.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға