youtube.com/@Elsport01

Геннадий Головкин соңғы айқасын Қазақстанда өткізсе екен – Есен Елеукен

Жақын күндері World Boxing халықаралық федерациясының басшысы анықталады. Үміткерлер тізімінде қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин де бар. GGG ұйымға қандай өзгерістер әкелуі мүмкін? Оның тағайындалуы отандық боксшылардың халықаралық аренадағы көрсеткіштеріне қалай әсер етеді?

Кей мамандар Головкин шаршы алаңға оралады деген пікірде. Жерлесіміз кіммен жұдырықтасады?  Қоғам қайраткері, «Jaidarman» қозғалысының негізін қалаушысы, спорт жанашыры Есен Елеукен El.sport YouTube арнасына берген сұхбатында осы сауалдарға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Нүктесін қою керек, 100 пайыз жеңеді не жеңіледі деп айта алмаймын. Жас та келіп қалды, бірақ өзін ұстап жүрген кейбір боксшылар 50-де де жұдырықтасып жүр. World Boxing пен Ұлттық олимпиада комитетінде басшылық қызмет атқару арқылы қоғамдық жұмыстармен көбірек айналысты. Бәлкім сыртқа шығу арқылы дұрыс энергия жинап жүрген шығар, - дейді Елеукен.

Елеукен Головкин соңғы айқасын елімізде өткізсе деген тілегін де жеткізді.

Геннадий – өте интеллектуал боксшы. Оның әуесқой бокстағы өнері керемет болатын. Бокс марқасқалары Кубаның өзі мойындаған.

Нүктесін Қазақстанға келіп қойса екен деген тілек бар. Идеологиялық бағытта солай жасауға болады, кезінде Жиров та солай істеген. Екіншіден, қаржылық жағдай. «Канеломен» кездескенде де қаржылық жағдайы біраз дұрысталып қалды. «Қолыңнан келсе, қонышыңнан бас» дегендей ғой. Мүмкіндігі болса, неге ақша жасамасқа? - дейді ол.

Сонымен қатар Головкин кіммен кездесуі мүмкін дегенге қатысты да пікір білдірді.

Атақты біреумен шыққаны дұрыс. Мынау деп нақты айта алмаймын ғой. Альварестің соңғы жекпе-жектерін көрсең, таза ақшаның соңына түсіп алғанын көруге болады. Жалпы, кәсіпқой бокс дегеніміздің өзі – ақша табудың көзі, - деді Есен Елеукен.