Жаңалықтар

Геннадий Головкин ХОК-тің штаб-пәтеріне барды

Геннадий Головкин ХОК-тің штаб-пәтеріне барды
Фото: ҰОК 07.12.2024 12:48 391

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин және бас хатшы Әлімжан Ақаев ресми іс-сапармен Лозаннаға (Швейцария) барды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан ҰОК басшылығы Халықаралық Олимпиадалық комитетінің (ХОК) штаб-пәтеріне барып, ұйым өкілдерімен кездесу өткізді.

Сапар барысында 2025 жылға дейін Олимпиадалық қозғалысты дамыту бағыттары, алдағы Олимпиада ойындарына дайындық пен оны өткізу мәселелері, сондай-ақ 2024 жылы Қазақстан ҰОК атқарған жұмыстардың қорытындылары талқыланды. Қазақстандық делегация алдағы жылдарға арналған негізгі жоспарлары, оның ішінде 2028 жылғы Олимпиадаға дайындық бағдарламасымен бөлісті.

Сонымен қатар, Геннадий Головкин мен Әлімжан Ақаев ХОК мүшелерімен және ХОК Атқару комитетінің отырысына, сондай-ақ олимпиадалық саммитке қатысу үшін Лозаннаға келген басқа да халықаралық спорт ұйымдарының өкілдерімен кездесті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға