Жаңалықтар

Геннадий Головкин Ғұсман Қырғызбаевты құттықтады

Геннадий Головкин Ғұсман Қырғызбаевты құттықтады
Фото: ҰОК 29.07.2024 00:21 1128

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Париж Олимпиадасында дзюдодан қола жүлдегер атанған Ғұсман Қырғызбаевты құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Еліміздегі барша Олимпиадалық команданың атынан Сізді Олимпиада ойындарының қола медалімен құттықтаймын!

Кеше басталған жүлделер сериясын жалғастыру арқылы Сіз тек қана дзюдо жанкүйерлерін емес, барша қазақстандықтарды қуанттыңыз!

Нағыз чемпион жеңіп алған медалінен бөлек, мінезімен де ерекшеленеді. Өте қиын белдесулерде жеңіске деген жігер танытып, чемпиондық рух көрсеттіңіз. Сіздің бапкерлеріңіз Ермек Нәсиев пен Нұрбол Сүлейменовті Олимпиада жүлдесімен шын жүректен құттықтаймын. Бұл жеңіс барша жас қазақстандықтарды жігерлендіріп, оларды ірі жеңістерге жетелесін!

Барша қазақстандықтарды тағы бір Олимпиада жүлдесімен құттықтаймын!, - делінген құттықтау жеделхатында. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға