Геннадий Головкин елге оралды
Орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) Қазақстанға оралды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы тағы бір қазақ боксшысы Сұлтан Зәуірбек (14-0, 10 KO), әлеуметтік желіде жазды. Ол Instagram-да GGG-мен түскен суретін жариялап:
Елге Гена ағамызбен қайттық. Жекпе-жегіңді көрдім дегенінің өзі қуаныш болды, - деп жазды.
Оқи отырыңыз:
- Танымал комментатор «Ордабасыны» «Ардабасы» деп айтатындарға үндеу жасады
- Сіз бен бізге ақша жинауға кедергі келтіретін басты 7 себеп
Посмотреть эту публикацию в Instagram
41 жастағы Головкин әзірге болашағына қатысты мәлімдеме жасаған жоқ. Ол өткен жылдың қыркүйегінен бастап шаршы алаңға шыққан жоқ. Сол кезде мексикалық Сауль «Канело» Альвареске (59-2-2, 39 КО) есе жіберген. Ал биыл ол орта салмақта WBA Super, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағынан бас тартты.
Зауырбек 21 шілде күні Шотландияның Эдинбург қаласында испаниялық Джон Картерді (15-1-1, 7 КО) техникалық нокаутпен жеңді.