Жаңалықтар

Геннадий Головкин әлемнің мықты боксшылары қатарынан шығып қалды

Геннадий Головкин әлемнің мықты боксшылары қатарынан шығып қалды
Фото: instagram.com/gggboxing 21.12.2023 11:02 1027

he Ring журналы әлемдегі ең үздік 10 боксшының рейтингін әзірледі. Бұған дейін аталған тізімнен түспей келген Геннадий Головкин бұл жолы мықтылардың қатарында жоқ, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

Бұл жолы жаңарған тізімде көштің басын америкалық Теренс Кроуфорд (41-0, 32 KO) бастап тұр. Ол жартылай орта салмақта және бірінші жартылай орта салмақта абсолютті әлем чемпионы болған. Яғни, екі түрлі салмақта да негізгі төрт чемпиондық белбеуді жеңіп алған жалғыз боксшы.

Екінші орында аса жеңіл салмақта өнер көрсететін жапон боксшысы Наоя Иноуэ (25-0, 22 KO) тұр. Ол 2022-2023 жылдары осы салмақта абсолютті әлем чемпионы болған. Қазір WBO және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы.

Үздік үштікті украиналық боксшы Александр Усик (21-0, 14 KO) қорытындылады. Ол ауыр салмақта WBA, WBO, IBF және IBO чемпиондық белбеулерінің иесі. 

Ондыққа кірген боксшылардың қатарында Сауль Альварес, Дмитрий Бивол, Дэвин Хейни, Эррол Спенс, Джервонта Дэвис, Теофимо Лопес және Джесси Родригес бар.

41 жастағы Геннадий Головкин бұған дейін әлемнің үздік он боксшысы арасында бесінші орынға тұрақтаған еді. Отандасымыз соңғы рет 2022 жылдың қыркүйек айында мексикалық Сауль Альвареспен айқасқа шыққан болатын. Алдын ала болжам бойынша GGG енді бір ғана жекпе-жек өткізіп, кәсіпқой бокстағы мансабын аяқтауы мүмкін. Сондай-ақ, ол бұл жекпе-жегін Қазақстанда өткізуге мүдделі көрінеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға