Жаңалықтар

Геннадий Головкин әлем чемпионы титулынан айырылды

Геннадий Головкин әлем чемпионы титулынан айырылды
Фото: Joe Camporeale / USA TODAY Sports / Reuters 08.02.2023 10:22 1533

Бразилиялық журналист Уилсон Балдинидің ақпаратына сәйкес, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин бұдан былай IBF нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы емес, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Sports.kz-ке сілтеме жасап.


Балдини Twitter-парақшасында жазғандай, GGG белбеуден өз еркімен бас тартты. Бұл дегеніміз, ендігіде міндетті үміткер және рейтингіде бірінші орында тұрған бразилиялық Эскива Фалькао вакантты титул үшін өзге үміткермен жұдырықтасуы ықтимал дегенді білдіреді. IBF рейтингінде екінші орында - австралиялық Майкл Зерафа, үшінші орында - неміс боксшысы Винченцо Гуальтиери тұр.
Головкиннің IBF титулынан айырылғаны туралы ресми ақпарат әлі түскен жоқ. Айта кетейік, Геннадий сонлдай-ақ, WBA Super нұсқасы бойынша титулға және IBO-ның қосалқы титулына ие. Оның WBA желісіндегі міндетті қарсыласы – «қарапайым» әлем чемпионы кубалық Эрисланди Лара.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға