Genertec пен KAZAKH INVEST серіктестігі жаңа деңгейге көтерілуде
Genertec пен KAZAKH INVEST серіктестігі жаңа деңгейге көтерілуде,-деп хабарлайды El.kz.
Қытайдың мемлекеттік конгломераты Қазақстан Республикасында кеңсе ашу арқылы Орталық Азия және ТМД елдерімен инвестициялық ынтымақтастықты арттыруды жоспарлап отыр. Бұл туралы «Genertec International Holdings Co.» вице-президенті У И, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жандос Темірғалимен кездесуде мәлімдеді.
«Genertec» компаниясы (жылдық айналымы – 25 млрд доллардан астам) машина жасау, фармацевтика, денсаулық сақтау және жаңартылатын энергия сияқты салаларда жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүдделі. Кездесу барысында Қытай тарапы қазақстандық нарықтың маңыздылығын атап өтіп, KAZAKH INVEST-ке жан-жақты қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.
«Біздің Қазақстанға сеніміз мол, сондықтансіздің еліңізде аймақтық өкілдік ашуды шештік. Маңызды фактор KAZAKH INVEST-пен жұмыс істеудің сындарлы тәжірибесі болды. Біздің компания Қытайда және Оңтүстік-Шығыс Азияда фармацевтика және денсаулық сақтау саласында жетекші орынға ие. Сонымен қатар, біз машина жасау, тау-кен металлургия және жаңартылатын энергия салаларын белсенді түрде дамытып жатырмыз. Біз KAZAKH INVEST платформасын Қазақстандағы жобаларды жүзеге асыру үшін белсендірек пайдалануға ниеттіміз», - деді У И.
Өз кезегінде Жандос Темірғали У Иге сенім білдіргені үшін алғыс айтып, Қытай Қазақстанның негізгі инвестициялық серіктестерінің бірі екенін атап өтті.
«Қазіргі уақытта Қазақстанда жоғары технологиялық өндірістерді және өңдеу секторын дамыту жобаларына үлкен көңіл бөлінуде. Қолайлы инвестициялық ахуалдың, табиғи ресурстардың қолжетімділігінің және сыртқы нарыққа шығужеңіл болғанның арқасында біздің елімізде экспортқа бағытталған жаңа өндірістерді құруға мол мүмкіндіктер бар. Сондай-ақ сіздерді Қытайды Еуропамен және Таяу Шығыспен байланыстыратын көлік-логистикалық инфрақұрылымды және мультимодальды тасымалдауды дамытуға қатысуға шақырамыз», - деді Жандос Темірғали.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар KAZAKH INVEST компаниясы «Genertec» компаниясына Қазақстан Республикасындағы «инвестициялық нұсқаулық» рөлін атқаратыны туралы келісті.