Жаңалықтар

Генерал-майор Бақтияр Сыздықов

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне - 25 жыл
Генерал-майор Бақтияр Сыздықов
01.10.2017 10:06 5433

Өмірбаян беттерінен

1958 жылы 30 сәуірде Ташкент қаласында дүниеге келген. 1980 жылы үздік бағамен Коломна жоғары артиллериялық командалық училищесін, 1991 жылы Фрунзе атындағы әскери академияны, 2002 жылы РФ ҚК Бас штабы әскери академиясын бітірген. Офицерлік қызметін Германиядағы Кеңес әскерлері тобында взвод командирінен бастаған. Түркістан әскери округінде қызмет еткен. Артиллериялық батарея командирі, полк штаб бастығының орынбасары болған. Ішікі әскерлер сапында бірқатар жауапты қызметтер атқарған. «Шығыс» өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысы, Шет тілдері әскери институтының бастығы лауазымдарын атқарған. Бірқатар мемлекеттік наградалармен марапатталған. 2 баланың әкесі.

***

Кеңес заманында әскерлердің өзара бөлінісуінің айрықша белгілері болды. Әскердің түрі, тегіне қарай білекбелгі (шеврон) болды. Погонға (петлицаға) қадалатын эмблема да сол қатардан. Ең бастысы, солдат погонының түсі де көп жайды аңғартатын. Қызыл түсті погоннан қашатын. Мәнісін, кейінгі жылдары түсіндім. Сталин заманынан қалған ызғарлы, әрі қорқыныш тудыратын естелік екен. ВЧК-ОГПУ-НКВД деген қысқартылған Қарулы Күштер генералдары сөздер мемлекет жүйесіндегі басқару органдар ғана емес, талай жазықсыз жандарды, әсіресе ел зиялыларын аяусыздықпен қырған мекемелер. Халық дейміз, өз бастарын өздері жойған қанішер орган болған. Ягода, Ежов, Берия сынды қолдары білектен қан есімдерді айтсақ та жеткілікті болар. Бірінің басын бірі алған. 6 жыл аралығында. Лаврентий Палычтың да аянышты тағдыры белгілі. Сондықтан болар, осы бір бөліну әскерлер арасында да ұзақ жылдарға дейін сақталып келді. Жалпы, әскери оқу орындарын бітіргендер шекарашыларды, жасыл погондылар ішкі әскер өкілдерін шамалы төмен санайды дегендей. Тәуелсіздік алуымыз бұл бәсекелестіктің тамырына балта шапқандай болды. Барлығының ісі ортақ мақсатқа. Кадр тапшылығы өзекті болған алғашқы жылдары көптеген офицерлер қызметін «бақталас» лагерьде абыроймен жалғастырды. Солардың қатарында генерал Сыздықов та болды.

Шығыста шоғырланған әскерлер басшылығы құрамына тағайындалған тұста таныстым. Қызметіне енді ғана кірісіп жатқан полковникпен біраз уақыт еркін сөйлесуге мүмкіндік болды. Ашылып әңгіме айтпаса да, офицердің көп оқығаны байқалып тұрды. Әсіресе өзімізге жақын артиллериялық әскери училищесін бітіріп, бірталай уақыт «Қызыл әскер» сапында қызмет еткенін естіп, қуанып қалдым. Әлбетте, жасы да, әскери атағы да, лауазымы да, өмірлік және қызметтік тәжірибесі де айтарлықтай жоғары, әрі мол офицерге баға беруім әдепсіздік, ақымақтық болар, бірақ, алған жағымды әсерімді жасыра алмаймын. Әскер тарихы, қару-жарақ түрлері, Қарулы Күштер құрылысы тұрғысында айтқан тың ойлары кейінгі жерде жазған көлемді мақалаларыма арқау болғанын айтқым келеді. Совет Армиясынан толыққанды үш дивизия мұра болып қалды. Аякөзге Қабанбай батыр, Отарға Қарасай батыр есімін бердік. Осы бастаманы жалғастырып, Сарыөзекке Малайсары батыр (сол өңірде соғысқан атақты батыр) атын беру туралы пікіріме салмақты сараптама жасаған еді.

Өкінішке орай, Бақтияр Омарұлымен арқаны кеңге салып, еркін әңгімелескенім сол жолғымен шектелді. Кейінгі жердегі кездесулер «саулығыңызды тілеймін» дегеннен аспады. Білімді генерал.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға