Жаңалықтар

Генерал-майор Анатолий Васимов

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне - 25 жыл
Генерал-майор Анатолий Васимов
29.09.2017 16:22 6083

Өмірбаян беттерінен

1953 жылы 10 қазанда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1975 жылы Ставрополь жоғары ұшқыштар және штурмандар авиациялық училищесін, 1988 жылы Венгрия халық армиясының әскери академиясын бітірген. Қиыр Шығыс әскери округіне қарасты бөлімдерде қызмет еткен. Әуе шабуылынан қорғаныс корпусына бағынысты бөлімдерде ұшқыштан бастап полк командиріне дейінгі қызметтердің барлығынан өткен. Қзақстан әскерінде Әуе шабуылынан қорғаныс әскерлерінің қолбасшысы, Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымдарын атқарған. Бірақтар мемлекеттік  наградалармен марапатталған. Екі баланың әкесі.

***

Қарулы Күштер алдына қойлыған нақты міндеті бар. Сондықтан басқа шаруаға бас сұқпауы керек. Жарғы жазылғанда да бұл мәселе жан-жақты ойластырылған. Қажеттілігін өмірдің өзі дәлелдеген. «Әскери Жарғы қанмен жазылған» деген сөз осыны меңзейді. Әскери өмірде жауынгерлік дайындық және соған септігін тигізер әрекеттен басқа ештеңе болмауы керек. Бір сөзбен айтқанда, саясаттан тыс, діннен бөлек, коммерциядан аулақ. Бұлар араласса, Қарулы Күштердің берекесі қашты дей беріңіз. Сондықтан да, әлем елдері әскеріндегі жағдай, қойылар талаптар бір-біріне өте ұқсас. Қазақстан зайырлы мемлекет. Ата Заң бәрінен биік тұр. Әрбір азамат сайлауға және сайлануға құқылы. Жалпыхалықтық сайлау кезінде әскерилердің белсенділігі тәнті етеді. Ол – асқан ұйымшылдығы мен тәртіптілігінің арқасы.

Алматыда газеттің редакциясы Әуе қорғанысы күштері штабының іргесінде болды. Коменданттық және басқа да қамтамасыз ету жасақтарында мерзімді қызметтің сарбаздары қызмет еткендіктен, аталмыш штаб ғимаратында сайлау кезінде жабық сайлау учаскесі бой көтереді. Ел өміріндегі елеулі оқиға болғандықтан, БАҚ өкілдері де тыс қалмайтынымыз белгілі. Сайлау учаскесі ашылғаннан кейін бір сағатқа жетпей комиссия төрағасы жоғары жаққа дауыс берушілер саны 100 пайыз деп баяндама жасап жатады. Сондықтан ерте баруға дағдыланғанбыз. Сайлау учаскесі басында әскерлердің  бас қолбасшысы, генерал Васимовты кездестірдім. Дауыс беру барысын байқап, тәрбие жұмысы жөніндегі офицерлердің мерекелік шараларға орай атқарылар жоспарларын тыңдап, қажетті нұсқау беріп жүр екен. Жеке құрамға көрсетілер мерекелік концерт, мерекелік түскі ас қамы дегендей. Шынымды айтайын, Бас қолбасшы... түскі ас... сарбаздар... Жасандылық бар тәрізді көрінді. Сарбаздар кімге, қалай дауыс беріп жатқанына қатысты сұраған едім. Генерал жымиып тұрып, «Сайлау туралы» Заңға сәйкес аталмыш процедура құпия түрде жүзеге асатынын және сайлау күні мұндай сұрақты қайсыбіреудер үгіт-насихат деп қабылдауы мүмкін, ал сайлау күні үгіт-насихат жүргізуге тыйым салынғанын жеткізді. Генералдан «мат» алғандай әсерде болдым. Әңгіме арасында Анатолий Шьяповичтің сарбаздар арасында сайлауға алғаш рет қатысып тұрғандары бар, сондықтан бұл күнді мейлінше ұзаққа дейін естерінде сақтауы үшін әсерлі етіп өткізу тұрғысында айтқан пайымдары бір емес, екі «мат» алғанымды мойындатты.

Жеке фотосуреттерім арасында сол күннен қалған естелік белгі бар. Фототілші генералды қоршап 4-5 офицер тұрғанымызды кескіндеген. Сайлауға қатысты жазылған транспоранттың шеті ғанак көрінген. Сағынышты күндер. Алматыныың ерте көктеміне не жетсін...

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға