Газа секторындағы «Аш-Шифа» ауруханасының қақпасы маңында орналасқан журналистерге арналған шатырға әуе соққысы жасалып, «Аль-Джазира» телеарнасының бес қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қаза болғандар қатарында тілшілер Анас аш-Шариф пен Мохаммед Крейке, операторлар Ибрагим Захер, Мохаммед Нуфаль және Муаммян Алива бар. Олардың барлығы жексенбі күні болған оқиға кезінде бақилық болған.
«Аль-Джазира» мәлімдемесінде бұл оқиға «баспасөз бостандығына жасалған кезекті қасақана шабуыл» деп бағаланып отыр.
Израиль армиясы (ЦАХАЛ) соққының нысанасы Анас аш-Шариф болғанын растады және оны «ХАМАС-тың террористік ұяшығының жетекшісі» деп атаған. Басқа қаза тапқан журналистер жайлы Израиль тарапы ақпарат берген жоқ.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

