Газа секторында 15 600-ден астам адам, соның ішінде 3 800 бала арнайы медициналық көмек алу үшін эвакуацияға мұқтаж, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус америкалық X әлеуметтік желісінде мәлімдеді.
Ұйым басшысы Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) ауыр халдегі науқастарды эвакуациялауға көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтты.
Газадағы 15 600-ден астам науқас, оның ішінде 3 800 бала әлі де мамандандырылған көмекке мұқтаж. Біз эвакуация көлемін ұлғайтып, өмірлік маңызды көмекті қолжетімді етуге шақырамыз, – деп жазды Гебрейесус.
Сонымен қатар ДДСҰ басшысы тағы да Газа секторында атысты тоқтатуға үндеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

