ВВС

Газа секторында Израильдің әуе соққысынан бес журналист қаза тапты

Газа секторындағы аурухана маңына жасалған Израиль әскерінің соққысы салдарынан кемінде 20 адам қаза болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

ВВС-дің жазуынша, олардың арасында халықаралық БАҚ-та жұмыс істеген бес журналист бар. Reuters агенттігі өз қызметкері, оператор Хусам әл-Масридің қаза тапқанын мәлімдеді. Associated Press болса, 33 жастағы фрилансер-журналист Марьям Дагганың өмірін қиғанын растады. Агенттік «оның қазасына қатты қайғырғанын және күйзелгенін» жеткізді.

Құрбандардың қатарында Al Jazeera тілшісі Мұхаммед Саламе, фотограф Муатх Абу Таха және Ахмад Абу Азиз те бар. Дегенмен, Таха мен Азиздің нақты қай БАҚ-та жұмыс істегені әзірге белгісіз. NBC арнасы бастапқы мәліметтерге қарамастан, Таха олардың қызметкері болмағанын атап өтті.

Газа азаматтық қорғаныс қызметінің (ХАМАС бақылауындағы) дерегінше, шабуылдан кемінде 20 адам көз жұмған, олардың ішінде азаматтық қорғаныс қызметкері де бар. Бұл туралы AFP агенттігі хабар таратты.  

Бұған дейін де Газа секторында әуе шабуылы кезінде 221 журналистік бақилық болғаны айтылған еді.