Anadolu

Газа секторында Израиль шабуылынан 221 журналист қаза тапты

29.05.2025 15:02

Газа секторында Израиль армиясының кезекті шабуылы кезінде журналист Мутез Мохаммад Раджаб қаза тапты, деп хабарлайды El.kz  интернет порталы.

Бұл туралы Газа үкіметінің мәлімдемесінде айтылған.

Осылайша, 2023 жылдың 7 қазанынан бастап палестиналық анклавта израильдік әскерилердің қолынан қаза тапқан БАҚ қызметкерлерінің саны 221-ге жетті.

Мутез Мохаммад Раджаб «Al-Quds Al-Yawm» спутниктік арнасында фототілші болып жұмыс істеген.

Оқи отырыңыздар:

Газа үкіметі әлемдік қауымдастық пен халықаралық журналистік ұйымдарды Газа секторында палестиналық журналистер мен БАҚ қызметкерлеріне қарсы жүйелі қылмыстарды айыптауға шақырды.