Жаңалықтар

Газ саласындағы қаржылық платформалар туралы жалған ақпарат тарады

Энергетика министрлігі таратылатын вирустық жарнама жалған және шындыққа жанаспайтыны туралы мәлімдейді
Газ саласындағы қаржылық платформалар туралы жалған ақпарат тарады
Фото: inbusiness.kz 10.08.2022 20:01 1706

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілерде Еуропаға мұнай мен газ экспортының жоғары кірісін уәде ете отырып, газ саласындағы белгілі бір қаржылық платформалар туралы вирустық жарнама таралуда, деп хабарлайды El.kz Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

«Вирустық жарнаманы ілгерілету кезінде ҚР Энергетика министрлігі басшылығының есімдері аталады. ҚР Энергетика министрлігі таратылатын вирустық жарнама жалған және шындыққа жанаспайтыны туралы мәлімдейді. Қазақстандықтардан қырағы болуды және тек ресми дереккөздерге сенуді сұраймыз», - делінген ақпаратта. 

ҚР Энергетика министрлігінің қызметі туралы ақпарат ведомствоның ресми сайтында, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында ғана орналастырылады. Сондай-ақ ҚР Қаржы мониторингі агенттігі тұрақты негізде қазақстандықтарды жалған қаржылық компаниялардан жалған ақпарат таратудың жиілеп кеткенін ескертеді, онда азаматтарды сендіру үшін танымал компаниялар мен банктердің логотиптерін, жаңалықтар порталдарын пайдаланады, сондай-ақ қатысушы ретінде танымал тұлғаларды атайды.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға